Home » Апта аптығы » БІЛІМДІ БЕРІККЕ де бір орын табылды

БІЛІМДІ БЕРІККЕ де бір орын табылды

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

Апта аптығы


 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМКК жанынан «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы жаңа мекемесі құрылды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

 

«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі мақсаты өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы, өлкетану саласындағы ағартушылық жұмыс, республикадағы өлкетану жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық өлкетану ұйымдарымен, жергілікті мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, Қазақстанның архивтері мен музейлерімен бірге ынтымақтастықта өлкетану тақырыбындағы ғылыми-зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады», – делінген жұмада таратылған хабарда. «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы болып бұған дейін Жезқазған және Арқалық қалаларының әкімі болған ұлтжанды азамат, белгілі алаштанушы, саясаттанушы Берік Бақытұлы Әбдіғалиев тағайындалды. Еске сала кетсек, бұдан бұрын тағы бір тарлан саясаттанушы Айдос Сарым ҚР Ұлттық кітапханасы бас директорының кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді. Ендігі кезек – Әміржан Қосановқа, Расул Жұмалыға, Мұхтар Тайжанға тіреліп тұрған сияқты…

«D»

 


 

About Zika1961