Home » АНОНС » Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА: ҚАЙРАТ ПЕН ДИМАШ – ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА: ҚАЙРАТ ПЕН ДИМАШ – ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Қаз-қалпында

 


 

 

Қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас туралы ойын білдірді. Ол қос әншіні салыс­тыруға да келмейтінін айтты.

«Екеуі жер мен көктей. Мен айтар едім, Нұртас деген – жер, ал біздің Димаш – көк. Көк аспанда нағыз бүкіл жер жүзіне барып, қайда барса да, оны қазақтың әншісі деп… Ол қазақтың әнімен әлемнің құлағының құрышын қандырып жүрген адам. Қалайша оларды салыстырамыз? Нұртасты мен тек қана тойдан көремін», – деді Бибігүл Төлегенова.

Бұлбұл әнші Қайратты сынағаны үшін елден сөз естігенін де жасырмады. Алайда кім не десе де, Төлегенова дегенінен қайтар емес. «Қайрат Нұртасты мен түсінбеймін. Маған ол үшін ұрысып та жатыр. Бірақ мен ондай әншілерді әнші демеймін, ол – орындаушы. Ол тойда айтатын әнін айтып жүреді. Кімге керек ол? Ал Димаш бүкіл әлемге шығып, қазақтың атын көтеріп жатыр», – деген екен әйгілі әнші.


 

Stan.kz

About Zika1961