Home » Апта аптығы » БЕЛГІЛІ БЛОГЕРГЕ қылмыстық іс қозғалды

БЕЛГІЛІ БЛОГЕРГЕ қылмыстық іс қозғалды

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №41 (405) от 09 ноября 2017 г.

 

Апта аптығы


Шымкенттік әлеуметтік желі белсендісі Ардақ Әшімова Facebook әлеуметтік желісінде латын әліпбиіне қатысты жазған жазбасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын «Азаттыққа» хабарлады.

 

Қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімі шығарған. Онда «Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық талдау орталығының «билік өкілдеріне қатысты көрінеу жалған ақпарат таратты деген» іс-құжаты негізінде «Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалғаны» жазылған.

Ардақ Әшімованың айтуынша, іс қозғауға 18 қыркүйек күні Facebook әлеуметтік желісінде Ардақ Әшім деп тіркелген Ардақ Әшімованың латын әліпбиі жөнінде жазылған жазбасы негіз болған. Қозғалған қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

About Zika1961

Добавить комментарий