Home » Апта аптығы » Басшыға наразы мұғалімдер МІНЕЗ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ

Басшыға наразы мұғалімдер МІНЕЗ КӨРСЕТЕ БАСТАДЫ

 

Тамыз конференциясы қарсаңында

 


Алматы облысының Жамбыл ауданы Қайназар ауылында ғимараты ескі орта мектептің мұғалімдері аудандық білім бөлімінің басшысын жергілікті БАҚ-та «Бізді оралман, білімі орта санатта деп атады,» – деп айыптап, наразылық танытты.

 

«Азаттық» тілшісінің хабарлауынша, жиналған елу шақты мұғалім аудандық білім бөлімінің басшысы Ләйләш Башированың Nur.kz сайтында жарияланған пікірімен келіспейтіндерін мәлімдеп, өздерінен кешірім сұрауын талап етті. Аталған сайт 7 тамызда Башированың Қайназар ауылында салынған жаңа мектепке өздерін директорымен бірге ауыстыруды талап еткен мұғалімдерді «95 пайызы Қарақалпақстаннан келген, білімдері орта санатта» деген сөзін басқан. Мұғалімдер білім бөлімінің басшысы «намыстарына тигенін» айтып, одан кешірім сұрауды талап етті.

Мұғалімдер өздерінің ел қатарлы білім беріп жатқанын, осы уақытқа дейін бір де бір ата-ана білімдеріне қатысты шағымданбағанын, оқушыларының түрлі жарыстардан орын алып жүргенін алға тартты.

Бұған қатысты «Азаттық» тілшісіне комментарий берген Баширова аталған сайтқа нақты не айтқаны «есінде жоғын», «егер қате сөйлеген болса кешірім сұраудан қашпайтынын» айтты. «Ол сөзді Nur.kz-ке телефон арқылы айттым. Нақты не айтқаным толық есімде жоқ. Бірақ қатты сөйлеп, намысқа тиетіндей ешнәрсе айтқан жоқпын деп ойлаймын. Оралман, қалақалпақ деп кемсіткен жоқпын. Ондағы айтқан сөздерді менікі емес, бұрмалады деп айта алмаймын», – деді Баширова.

Ол Қайназар орта мектебі аудандағы 52 мектептің арасында білім беру көрсеткіші бойынша 43-орында тұрғанын айтты. Оның сөзінше, «бұл мектеп мұғалімдері өздерін жоғары деңгейде тұрмыз деп мақтана алмайды».

Azattyq.org

 


 

About Zika1961