Home » Апта аптығы » БАНКІДЕН АЛҒАН НЕСИЕНІ төлей алмайтындар саны күрт көбейді

БАНКІДЕН АЛҒАН НЕСИЕНІ төлей алмайтындар саны күрт көбейді

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Апта аптығы


 

Қазақстан банктерінің жағдайы қиындай бастады. Осы жылдың мамыр айында төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздардың көлемі бірден 39,5 пайызға көбейіп, 1,7 трлн теңгені құрады,- деп хабарлайды Ranking.kz агенттігі.

 

Агенттіктің мәліметінше, «нашар» кредиттердің көлемінің бір айда бұлай жылдам өсіп кетуі 2008 жылдан бері тіркелмеген. Бұған дейінгі рекордты көрсеткіш 2009 жылдың сәуір айында болған. Бұл жылы төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен кредит 25,5 пайызға артқан.

Негізі ҚР банктерінің кредиттік портфель жағдайының қиындауына Delta Bank балансындағы 68,4 пайыз қарыздың сапасыз деп танылуы әсер етті. Айта кетейік, Ұлттық банк 2017 жылдың 21 маусымдағы қаулысына сәйкес, «Delta Bank» АҚ-ның жеке және заңды тұлғаларға шот ашу, депозит қабылдауға қатысты лицензиясын 2017 жылдың 3 тамызына дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған.

Qazaqtimes.com

 


 

About Zika1961