Home » Дат|Каз » Бағым Мөлдірге НЕГЕ РЕНІШТІ?

Бағым Мөлдірге НЕГЕ РЕНІШТІ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.

 

 


Бұл аптада «жұлдызды» қыз-қырқындар арасындағы тұрмыстық және отбасылық дүрдараздықтар турасында қазақстандық интернет басылымдарда бірнеше жарияланым шықты. Біз солардың біреуі төңірегінде қоғамға тараған лақапты ықшамдап жариялап отырмыз.

Он жылдан аса тарихы бар «КешYou» тобынан тараған әнші қыздардың соңынан үлкен шу туып жатыр, деп жазады Stan.kz порталы. Олардың бірі – Мөлдір Әуелбекова. Осы уақытқа дейін Баян Есентаева да, оның сіңлісі Бағым Мұхитденова да не себепті Мөлдірмен жұмысты тоқтатқандарын құпияда ұстап келген еді, деп жазады портал тілшісі.

«КешYou»-ден кеткен соң, Мөлдірдің шоу-бизнестегі жолы бұғатталды деген әңгіме желдей есті. Бұл сөзді Мөлдірдің өзі де растаған болатын. Сонымен Әуелбекова топтан не себепті кетті? Бұл туралы белгілі вокалшы Бағым Мақсатқызы «Гәкку» радиосының «Если честно» бағдарламасына берген сұхбатында ашық айтты.

«Мен үшін Мөлдір Әуелбекова жоқ. Онымен байланысымды қайта қалыпқа келтіргім де келмейді, ол да құлшынып тұр деп ойламаймын. Мен ол адамды көргім келмейді. Сондықтан да маған қатысы бар жобаларға ол қатыспайды», – деп мәлімдеді Бағым Мұхитденова.

Продюсердің айтуынша, ол Мөлдірдің үлкен сахнадағы жолын жабуға тырыспаған. Тек өзіне қатысты жобаларға Мөлдірді қатыстырмайтынын кесіп айтты. Себебі Бағым Мөлдірдің бет-жүзін де көргісі келмейді екен. Оған әншінің сатқындығы себеп болған, дейді Stan.kz тілшісі. Алайда елге беймәлім құпия сол жабулы қазан күйінде қалатынға ұқсайды.

«Мөлдір шындықты айта алмайды. Оған дәті де бармайды, күші де жетпейді. Сондықтан да мен ол адамды өмірімнен де, көз алдымнан да алыстаттым. Ал жолын бөгеп жүру туралы әңгімелерге келсек, ол қатысады деген бағдарламаға мен аяқ баспаймын. Бар болғаны екеуміздің біреуімізді таңдаңыздар деп шарт қоямын. Ол менің таңдау құқығым», – дейді Бағым Мақсатқызы.

Бұдан бөлек, Бағым Мақсатқызы жеке өміріндегі келеңсіздік туралы ашық айтты.

«Мен үшін отбасы әрқашан бірінші орында. Бірақ мен сол жанжалға дейін өзім туралы ойланбаппын. Мен қандаймын? Кіммін? Ештеңе ойламайтынмын, бар ойым жұмыста болатын. Бұл үшін ешкімді кінәламаймын. Ол менің кінәм. Тіпті күйеуім маған қалай қарайды, қарым-қатынасы дұрыс па деген нәрселер санамда болмайтын. Әйтеуір бірге тұратынбыз, бәрі жақсы. Үлкен кикілжіңге тап болғанда, мына әлемде не болып жатыр өзі деп ойладым. Үлкен проблемаға тап болдым, оны ешқашан ұмыта алмаймын. Ол кешірілмейтін нәрсе. Адамгершілікке жатпайтын, өте жиіркенішті әрекет… Сол оқиғадан кейін күйеуім маған ханшайым ретінде қарайды. Қазір бәрі жақсы. Бірақ ұмытылмайтын нәрселер бар. Мен Құдай емеспін, Құдай бәрін кешіреді, ал мен бар болғаны адаммын», – депті Бағым Мұхитденова «Гәкку» радиосына берген сұхбатында.

Енді Бағым ханымның осы сөзінен сұраққа толы қорытынды шығара беріңіз: «бірінші орында» тұратын отбасынан шыққан жанжалға; «үлкен кикілжіңге» Мөлдірдің қандай қатысы бар? Бұрын күйеуі Бағымға неге «басқаша» қараған? Оның отбасында «қазір бәрі жақсы» болса, бұрынғы «жиіркенішті әрекетке» Мөлдірдің қатысты болғаны ма?

Біздің тарапымыздан «no comment»: ойлы оқырманның өзі бағамдап алсын.

Еркежан БЕШТАЕВА,

тәлімгер-студент

 

 

 

 

 

About Zika1961

Добавить комментарий