Home » Дат|Каз » Азамат өз қазағына НЕГЕ РЕНЖИДІ?

Азамат өз қазағына НЕГЕ РЕНЖИДІ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №33 (397) от 14 сентября 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

 


 

 

Бүгінде Азамат Сатыбалдының киносүйер қауымға өкпесі қара қазандай. Оған өзіндік себеп те бар. Өйткені осы жылы өнер иесінің продюсерлігінен туындаған «Бір сен үшін» атты дебюттік картинасы табысы жағынан үмітті ақтамаған. Аталмыш картина жұмсалған қаржыны қайтарғанымен, түсірілім тобының қалтасын қалыңдата қоймаған көрінеді. Осы орайда Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген актер қазақ тілді көрерменге деген іштегі өкпе-назын білдірді.

 

– Азамат, кинопродюсер ретінде жарыққа шығарған дебюттік картинаның табысы көңіл қуантарлықтай болмаған екен. Жалпы, тұсаукесері еліміздің бірнеше шаһарында ұйымдастырылды. Алайда «Бір сен үшін» фильмін тамалашалау үшін белсенділік танытқан аймақ пен аталмыш киноға селқос қараған қай қала?

– Қостанай, Қарағанды, Астана, Орал, Алматы. Ал қазақтар шоғырланған Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау жоқ. Киноға бармайды. Олар үшін несіне кино түсіремін? Егер киноға бармайтын болса. Маған мемлекет ақша беріп отырған жоқ. Мен өз ақшамды салып отырмын. Сол үшін мен қаражатты қайтарып, оның үстіне плюс табыс табуым керек. Ал көрермен көрсе де, көрмесе де, тек фильм шығара беретін мен «мұнайшы» емеспін, «магнат» емеспін.

– Білуімше, жақында тағы бір жаңа жобаны жоспарлап отырсыздар. Менің түсінгенім, Азамат Сатыбалдының продюсерлігінен туындайтын келесі картинасы қазақ тілді көрермен үшін емес қой?

– Әрине, міндетті түрде келесі киноны орысша түсіремін. Маған ренжісе де, ренжімесе де орысша түсіремін. Себебі орысша тәрбиеленген халық киноға барады. Ал таза қазақтар киноға бармайды.

Олар тек ауызбен ғана сөйлейді, одан кейін «Ютубтан» қарап отырады. Олар артық ақша бергісі келмейді. Өте өкінішті. Олардың кесірінен бізде кино дамымайды. Бізде неге орыстілді халық басым? Себебі олар мәдениетпен қамтылған. Ал таза қазақи адамдар өте жалқау. Отырады үйде. Оларға тек қана алдына әкеліп беру керек. Аузына тамақты салу керек. Тек шайнап беру керек…

– «Бір сен үшін» фильмінің желісі «суррогат ана» жайлы болған еді. Алайда қазақ тілді көрерменнен көңіліңіз қалғанымен, көкейдегі өзекті тақырыптарды киноэкран арқылы көрсетуді жалғастыра бересіз ғой?

– Келесі картинада да өте өзекті тақырып қозғалады. Қазір сценарий Лос-Анджелесте орыс тілінде жазылып жатыр. Сол жақтағы киноакадемияда оқып жатқан біздің қазақтың жігіттері. Идея менікі болғаннан кейін, мен оларға барынша түсінікті қылып жеткіздім. Сценарийдің алғашқы беттерін оқыдым, өте күшті. Менің өз басым көп нәрсені қабылдай бермейтін, көп нәрсеге таңқала бермейтін адаммын. Маған өте қатты ұнады.

Stan.kz

 


 

About Zika1961