Home » Апта аптығы » Қазақстан Журналистер одағының БИЫЛҒЫ 10 ЛАУРЕАТЫ АТАЛДЫ
063017_1809_1.png

Қазақстан Журналистер одағының БИЫЛҒЫ 10 ЛАУРЕАТЫ АТАЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №24 (388) от 22 июня 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

«Репортерлік жұмыс» номинациясы бойынша сыйлық Журналистер одағының лауреаты атағы үшін өткен байқауда Қазақстанның жас буыны арасындағы білімді дамыту проблемаларын дер кезінде және өзекті түрде жариялағаны үшін республикалық «Жас Алаш» газетінің журналисті Роза Қараеваға;

«Экономикалық шолу» аталымындағы сыйлық Орталық Азия елдеріндегі экономикалық байланыс және интеграциялық процесстер туралы мақалалар топтамасы үшін республикалық «Деловая неделя» газетінің тілшісі Жылдыз Алиева (Бішкек) мен Нигора Юлдашеваға;

«Саяси шолу» номинациясын бойынша сыйлық Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуының өзекті проблемаларына арналған мақалалар топтамасы мен сұхбаттары үшін қоғамдық-саяси «Трибуна. Саяси-қалам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайға;

«Журналистік зерттеу» аталымы «Ұйымдасқан ғылыми қоғамдастық» мақаласы үшін республикалық қоғамдық-саяси «Время» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі Станислав Киселевке;

«Радиобағдарлама» номинациясында «Республикалық радио» ЖШС «Астана» радиосының «Единство» («Бірлік») бағдарламасының жүргізушісі Ольга Опаринаға Қазақстан халқының бірлігі тақырыбындағы хабарлар топтамасы үшін;

«Қоғамдық-саяси тақырыптар» саласында «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямоваға өзекті мақалалар топтамасы үшін;

«Зерттеу жұмыстары» номинациясында ақтөбелік тәуелсіз «Диапозон» газетінің тілшісі Бағдат Асылбековке Ақтөбедегі көктемгі су тасқыны кезіндегі әлеуметтік проблемаларды шешу туралы бейнесюжеттері үшін;

«Ізденім материалдары» номинациясында Атырау облыстық қоғамдық-саяси «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Максим Стадниченкоға;

«Телекөрсетілімдік жұмыс» аталуында «Қазақстан-Маңғыстау» телеарнасының тілшісі Нысаналы Ығыловқа сыйлықтар берілді.

Одан басқа бір топ журналист Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Конкурстық комиссия құрамына кіргендер: ҚР Журналистер одағының төрағасы м.а., комиссия төрағасы – Тамара Калеева; ҚР Журналистер одағының лауреаты Мәдина Әлімханова; «Мәдениет қайраткерi» белгісінің, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ольга Гумирова; Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткерi» белгісінің, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ольга Иркегулова; Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Шархан Қазығұлов; ҚР Журналистер одағының жауапты хатшысы Баян Рамазанова; ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР президенті сыйлығының лауреаты, халықаралық ТЮРКСОЙ ұйымы сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай; ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «SAI» жарнамалық-баспа компаниясының президенті Сайын Шаймерден.

Одан басқа, Қазақстан Журналистер одағынан «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілгендер:

«Семей таңы» газетінің меншікті тілшісі Хамза Сатиев, «Оңтүстік ұстаздары» (ОҚО) газетінің бас редакторының орынбасары Серікбай Тұржан, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Орал өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары Есенжол Қыстаубаев, «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының бас редакторы Гүлнар Науырша, «Көкшетау правдасы», «Солтүстік Қазақстан» газеттерінің тілшісі Сайлау Көшкен, «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі Социал Айтенов, радиожурналист Сәбит Сүлейменов, «Абай» журналының бас редакторы Сабырбек Олжабаев, «Нұр жан» журналының бас редакторы Амангелді Суханберлиев, «Солтүстік Қазақстан», «Қызылжар нұры» газеттерінің бас редакторы Зарап Құсайынов.

 

Ескерту: ҚР Журналистер одағының лауреаттарын, «Құрмет грамотасымен» марапатталушыларды және «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын алғандарды марапаттау рәсімі 26 маусымда 12.00 сағатта Алматы қ-сы, Қабанбай батыр к-сі, 85 (Панфилов к-сімен қиылысында) мекен-жайындағы «Алматы» қонақ үйінің үлкен конференц-залында өтеді.

 

Қазақстан Журналистер одағының хатшылығы


 

About Zika1961