Home » Дат|Каз » ҚАЗАҚ сорлайын ДЕП ТҰР

ҚАЗАҚ сорлайын ДЕП ТҰР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

 

Желідегі жазбалар

 


 

Елдің ес жиятын кезі келді. Бізге артқа емес, алдымызға – келешекке қарау керек. Қазір Жер кодексі парламентке түсті. Осы қабылданатын Кодекс қазақтың болашағын анықтайды! Қазақ өз жерін әлемдік келімсектер, оның ішінде қытайдың иелігіне бере ме, әлде өз ұрпағының еншісіне қалдыра ма – осы мәселе шешілетін сәтке тірелдік. Не істейміз?

 

Бір ғана сара жол бар. Ол – ала демей, құла демей, бас біріктіру! Онсыз қазақ сорлайын деп тұр! Мұны түсінуіміз керек. Сондықтан мен бүкіл саяси, діни, т.б. көзқарас қарсыластырымды, бәрін-бәрін, Жер-Ананы қорғау үшін, бір Тудың астына бірігуге шақырамын!

Ол Ту, қаласаңыздар, Ұйғыр ауданында қазақ-ұйғыр арасында болған соттың барысында табиғи жолмен құрылған, 47 адам мүшесі бар – «Ұлттық топ» болсын. Бұл топтағылардың бәрі дерлік нағыз ұлтшылдар!

Ешкім – ешкімнен кешірім сұрауының қажеті жоқ. Өткеннің бәрін ұмытып, келешекке үмітпен қарап, қыл үстінде тұрған Жер-Ана тағдырын бірге шешейік, бауырлар! Біз бір-бірімізге жау емеспіз! Біздің жау – басқа. Ол – жерді тауарға айналдырған ұры билік! Мақсатымыз – жерді сол ұрылардан қорғау!

Менің бұл посты жазуыма тағы бір себеп: Айдын Егеубаевты «Батуа» ЖШС-і екінші рет қылмыстық сотқа тартып отырғаны. Бұл қауіпті жағдай. Себебі бұрын «сотталған» адамды енді ақтап алу әлдеқайда қиынға соғады. Ал ақталмаса, онда жазаның айыппұл, яки екінші рет тағы да «шартты» түрде болуы – неғайбыл дүние. Сондықтан Айдынның бас бостандығынан айырылу ықтималдығы өте жоғары! «Батуаның», онымен ауыз жаласқан шенеуніктердің мақсаты осы болса керек.

Біз қазақтың жерін қорғаған Макс пен Талғатты түрмеден шығара алмай отырғанда, Айдынды да соттатып алуымыз мүмкін екен. Айдынның сотталуы – ұлттық рухтың сынуы! Өйткені Айдын сотталса, онда енді жер қорғауға ешкім шықпайды! Бұл – жерден шын айырылу болып табылады!

Айдынды соттатпай, Макс пен Талғатты босатып, жерімізді де қорғап қала аламыз, егер біз жеке бас мүддемізден ұлт мүддесін жоғары қойып, біріге алсақ қана! Ел, жер, келешек ұрпағымыз үшін осындай қадам жасау – бізге ұлы парыз!

Қазақ басына қиын-қыстау шақ туғанда қашан да бас біріктіре алған. Соның арқасында осындай ұлан-ғайыр жер бізге қалды. Ата жолынан аттамайық, ағайын! Майда әңгімелерді доғарып, басымызды қосайық!

Мен болашақ алдындағы жауапкершілігімді толықтай түсіне отырып, бірі аға, енді бірі іні-қарындас болатын жандарға өзім бірінші болып достық қолымды ұсынамын! Және оларды шын ұлтшылдар деп санап, ел басына күн туған кезде менің осы игі ұсынысымнан бас тартпайды деген сенімдемін!

Жігіттер! Ірі болайық! Ірі болу үшін, бес саусақтай бірігіп, жұмыла ұлт жүгін көтеріп жүретіндей тірі болайық!

Геройхан ҚЫСТАУБАЕВ

 

 

 

СӨЗ ЖАРАСЫН

КІМ ЕМДЕЙДІ?

 

«Аузы жаман елді бүлдіреді» деген. Атамбаевтың Кенесары атамызға тіл тигізіп, Еуразиялық одаққа қатысты Путинге шағымдануынан соң, ақымаққа арналып заң жазылмайтынын ұққанбыз. Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық, онда сөз санасқаннан не қайыр?!

 

Осы аптада қазақтың билік олимпінде жүрген үш ноян көрші елдің президентіне қарсы шабуылды үдетті. Қасым-Жомарт Тоқаев, одан іле-шала Нұрлан Нығматуллин, кейін Мұхтар Құл-Мұхаммед Атамбаевты «жерден алып, жерге салды».

«Сөз» туралы пәлсапа соққан соңғысы қыза келе, Атамбаевтың «психикалық ауытқуы» бар адам екенін тілге тиек етіпті. Әлдекімнің мысалымен. Жаман теке сүзіске тұра ма?

Кенесары бабамызды қорлағанда үндемеген үшеу, Назарбаевты «қарт диктатор» атағаны шамбайларына қатты батса керек. Тілі былғаныш анау да қарап қалған жоқ, аузымен боқ теріп кетті… Сонымен, қырғыздан біреу, қазақтан бүкіл саяси элита қызыл сөзбұйда майданын бастап кетті… Қай жерден қайтады? Белгісіз…

Қырғыздар саясаткерлерінің қызылкеңірдек айтысына әбден еті үйренген. Ал бізде ше? Әділ сайлауы жоқ, дауысы ұрланатын елде тіпті саяси науқанның өзінде саяси диспут болмайды. Бізде саяси полемика қайдан болсын? Авторитаризмі күшейген елдің саяткерлері де саяси селсоқ келеді. Қазақстандық билік элитасы арасында «ләпбай тақсырдан» өзге саяси дискуссиялық мәдениет қалыптаспаған…

Бастығына найза алып жүгіргенге садақ атып әлек…

Десе де… Сөзге абай болған абзал… Оқ жарасы жазылғанымен, сөз жарасы бітпейді ғой.

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

 

 

 

Айтпақшы

Атамбаевқа қарсы барлық масс-медианы іске қосу арқылы кімге нені дәлелдегіміз келеді? Өз аудиториямыздың миын ашытқаннан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Біздің арналарды бәрібір күллі қырғыз көрмейді, радиомызды естімейді, сайттарымызды оқымайды. Өзімізге-өзіміз бірдеңе дәлелдеп әуреміз.

Рас, Қырғыз президенті намысқа тиді. Бірақ оған бір емес, бірнеше мәрте жауап берілді ғой. Одан кейін пропаганда машинасын іске қосудың қажеттілігін көрмей тұрмын. Біз Атамбаевқа қарсы уәж айтамыз деп қоғамның қырғыз халқына наразылығын күшейтіп жатқан тәріздіміз. Ертең базардағы қырғыз азаматтарына біреулер соқтықса қайтеміз? Керісінше болса ше?

Меніңше, мәселе бір адамға қатысты болмай тұр. Екі халықтың бір-біріне кектенуіне ұласа ма деп қауіптенемін. Байқаймын, ресми масс-медиа осы аптаны түгел Қырғыз президентіне арнайтын сияқты.

Amangeldi Kurmetuly

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫН

ОРЫС ТІЛІ ТЕЖЕП ОТЫР

 

Орыс тілі Қазақстандағы мемлекеттік – қазақ тілінің дамуын тежеп отырған тіл. Өйткені сол тілді мемлекеттік тілден биік қойып отырған билік сол – орыс тілін іс жүзінде мемлекеттік тіл ретінде қолдану арқылы қазақ тілінің өрісін тарылтып, Конституцияда белгіленген Мемлекеттік тіл ретіндегі функцияларын орындауына мүмкіндік бермей отыр.

 

Орыс тілін «орысқұл билік» мемлекеттік тілден жоғары қойып, Назарбаев «орысша сұраған адамға қазақша жауап бергендерді жұмыстан қуу керек, прокуратура айналысуы керек, орысша сұраған адамға тек орысша жауап беріңдер» деп отырса, қазақ тілін қалай көтересің?! Қазақстанды орыс тілді вассал мемлекет ету үшін, қазақтарды мәңгүрт, екінші сорт орыс ету үшін патша заманынан бастап, большевиктік билік, қазіргі коммунистер отырған Қазақстанның орысқұл билігі 200 жылдан бері үздіксіз түрде қазақ тіліне қарсы жұмыс жасап келеді.

1878 жылдары алғаш орыс-түзем мектептерін қазақ даласында ашып, сол мектептерде қазақ балаларын тілмаштыққа оқытты. Қазақ жерін 1880-жылдары толық жаулап алғанша, жүздеген мың қазақтың ауылдарын қырып, өртеп, қарсы шыққандарын жаппай жаншып отырды. 1897 жылы ресми санақта 5 миллиондай болған қазақ 1910 жылдары 6 миллион еді (оңтүстіктің бір бөлігі Қоқан хандығының құрамында болғандығы бар). Егер барлық қазақты қосса, сол кезде 10 миллиондай қазақ болды. Сол қазақты орыстар 1916 жылы қырды, 1920–22 жылдары ашаршылықта, 1925 жылдан басталған коллективтендіру мен «раскулачивания» науқандарында, 1931–33 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылықта, 1929–38 жылдардағы «халық жауларымен» күресте – шамамен 20 жыл ішінде 10 миллион қазақты қырып-жойып, шетелге қуып, 2 миллионын ғана қалдырды. Егер осы қырғындар болмағанда, он миллион қазақ бүгінде кем дегенде 40 миллион қазаққа жетер еді. 1954–59 жылдарда КСРО-дан славяндарды (орыстанып кеткен) көшіріп әкеліп, 1961 жылы Қазақстандағы қазақтың саны 28 процент болып қалды. Міне, осынша жауыздықтарды жасау арқылы қазақ тілін ЖОЙЫП, Қазақстанды орыстандырмақ болғандары үшін орыс тілін құрметтеу – ИТТІК, ӨЗ ҰЛТЫНА САТҚЫНДЫҚ!

Солтүстік облыстарда қазақ мектептерін түгел жауып, астанамызда 1 қазақ мектебін қалдырғаны үшін орыс тілін құрметтейсіңдер ме?! Бірақ «Мың өліп мың тірілген қазақты» ЖОЮ оңай болмас. Бүгінде Қазақтың саны 13 миллионнан асты, шетелдегі 5 миллион қазақты қоссаң, Жер бетінде кемі 18 миллион ҚАЗАҚ БАРМЫЗ. Қазақстанда балабақша, мектептердің 80 проценттен астамы мемлекеттік – ҚАЗАҚ тілінде тәрбие, білім береді. Орыс тіліндегі 15 процент мектеп, балабақшаның жартысына жуығы «орыс тілін құрметтейтін» мәңгүрт қазақтардың балаларымен толып отыр. Қазаққа – қазақтан басқа ешкім дос емес, көмектеспейді де! Сондықтан «орыс жақсы» дейтіндер – қазақтың жауысыңдар.

«Оның бәрін істеген орыс емес, патша, Ленин, Сталин, тағы басқалары дейтіндер» – олай болса, Тәуелсіздік алғалы өткен 27 жылда қазақстандық орыстар неге мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренбеді? Өйткені Маркс «тұрып жатқан мемлекетінің мемлекеттік тілін білмейтіндер: нақұрыстар, басқыншылар не қонақтар» деп айтқандай, қазақстандық орыстардың көпшілігі осы категорияға жататындар болғаны.

Бүгінде Қазақстанда 18–19 проценттей орыс этносының өкілдері қалды. Олардың 60 проценттен астамы жасы зейнеткерліктен асқан қариялар. Мектеп бітірген жастарының жартысынан көбі Ресей оқу орындарына кетіп, сонда қалып қоюда. Бала туудан орыстар ең соңғы орындарда. Осының бәрінен кейін орыстар таяу жылдарда Қазақстандағы саны аз көп этностың бірі болып қалатыны анық. Бірақ өзге ұлттар мен қазақтардан шыққан «қара ивандар» мен «орысқұлдар» әлі біраз жыл билікке қосылып, қазақ тілінің Мемлекеттік тіл ретіндегі қызметін толыққанды атқаруына кедергі келтіреді. Бірақ түбі ҚАЗАҚ ТІЛІ жеңеді!

Аманғали ӘБУОВ

About Zika1961

Добавить комментарий