Home » Апта аптығы » АЯГӨЗДЕ ЖАС МАМАНДАРЖА ТАҚХАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

АЯГӨЗДЕ ЖАС МАМАНДАРЖА ТАҚХАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №35 (399) от 28 сентября 2017 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

 

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөзде отбасылық жатақхананы жас мұғалімдер мен дәрігерлерге пайдалануға берді, деп хабарлады ШҚО әкімі баспасөз қызметінен.

«Аягөзде 50 жас отбасы жаңа үйде баспанаға ие болды. Нысанның салтанатты ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысып, жаңадан қоныстанушыларға пәтер кілтін табыстады», – делінген дүйсенбідегі хабарда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша отбасылық жатақхана құрылысы былтырғы маусымда басталды. Пәтерлерді жас мұғалімдер, дәрігерлер, қаланың мәдениет және спорт қызметкерлері алды. «Пәтерлер бес жылға жалға беріледі. Ал құрылысқа арналған 300 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінді», – деп атап өтті әкімдікте.

ҚазТАГ


 

About Zika1961