Home » Апта аптығы » Астана жеке меншікке САТЫЛА БАСТАДЫ

Астана жеке меншікке САТЫЛА БАСТАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (409) от 7 декабря 2017 г.

 

Апта аптығы


 

 

Астананы абаттандыру жеке меншікке беріледі, деп хабарлады елорда әкімі Әсет Исекешев.

«Келер жылы бизнеске 7 жылдық келісім-шарт негізінде бергіміз келетін екі үлкен бағыт – олар абаттандыру және біздің Астана қаласын тазарту жұмыстары. Бұл өте үлкен жұмыс, күні бүгінге дейін ол коммуналдық кәсіпорындардың күшімен жүзеге асырылып келді. Келер жылы оларды жекешелендіру аясында қаламызда өздерінің техникасымен тазартатын 5 немесе 7 күшті компаниялардың пайда болғанын қалаймыз», – деді Ә. Исекешев дүйсенбідегі қаланың бизнес қауымдастығымен кездесуде.

«Екінші мәселе – абаттандыру, бұл да үлкен ресурс, қомақты қаржы. Біз техникаға инвестициялайтын 5-7 компанияның пайда болғанын қалаймыз. Және де біз оларға 5 немесе 7 жылға беруге дайынбыз. Мектептердегі тамақтандыруды да беруге дайынбыз. Бұл да үлкен ресурс», – деп толықтырды әкім.

 

ҚазТАГ


 

About Zika1961