Home » Дат|Каз » Араб аңызындағы АҚИҚАТ

Араб аңызындағы АҚИҚАТ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 

Біле жүріңіз

 


Араб шейхтарының байлығы мен сол байлықтың арқасындағы шалқыған өмірі жайлы естімеген жан жоқ шығар. Ал сіз білесіз бе: араб аңыздарындағы махаббат, үйлену және отбасы туралы бүгінгі шындықты? Бұл туралы vmirechudes.com сайты жазды.

 

Арабтардың ең үлкен байлығы ақша емес – отбасы екен. Араб әйелі отбасының шырағын сөндірмей ұстайтын негізгі тұлға, әрі ошағын сақтауда, балаларын көбейтуде сіңірген еңбегі үшін, оны айналасындағылар қатты құрметтейді. Араб әйелі дүниеге көп бала әкелгеніне қарай бақытты болып есептеледі.

Ал араб әлемінде қыз бен жігіттің махаббатынан басталатын отбасылық өмір қалай басталады? Мысалы үшін, Біріккен Араб Әмірліктерінде жігіт ұсыныс жасаған қыз өз қалауымен одан бас тарта алады. Дегенмен қалыңдықты таңдау, оған құда түсу, үйлену туралы соңғы шешімді жігіттің отбасы шешеді.

Араб қыздары еуропалықтарға, діні бөлек ұлт өкіліне тұрмысқа шыға бермейді. Шыққан жағдайда, өз еліне қайта кіруіне заңмен шектеу қойылады. Егер араб жігіті өзге ұлт өкіліне, діні бөлек қызға үйленер болса, ол отбасы тек соның қолында болады. Мұндай кезде шетелдік келін БАӘ азаматтығын ала алмайды. Ажырасқан жағдайда балалары әкесімен қалады.

Неке келісімі – араб тойының сәні әрі негізгі жоралғысы. Келінмен бірге неке келісіміне оның екі туысы қол қояды.

Осы келісім жасалғаннан кейін, жастардың тойы бір жылдың ішінде өткізілуі керек. Тойға дейін күйеу жігіт қалыңдығымен тек туыстарының қатысуымен кездесе алады. Қалыңмал құны жүз мыңдаған доллардан асып жығылады.

Араб тойының салтанаты өзге елдің жиынынан ерекше. Онда қонақтардың талғамына қарай ас мәзірі де алуан түрлі болады. Сағат сайын алдыңызға қойылған ас жаңартылып тұрады. Бұл әрине күйеу жігіт отбасының қонақжайлылығы мен байлығын көрсететін сәт. Ислам діні спиртті ішімдікке тыйым салғандықтан, дастархандағы ең ащы сусын кофе болады. Той жеті күн бойы жалғасады.

Араб әйелі отбасында күйеуінен кейінгі адам. Ол үнемі күйеуін тыңдауға міндетті. Бірақ маңызды шешімдер қабылдайтын кезде ақыл қосуына, өз ойын жеткізуге құқылы.

БАӘ тұрмыстағы әйелдер қамаудағыдай өмір сүреді дегенге сенбеңіз. Заң бойынша тұрмыстағы әйел қысқа, ашық-шашық киімдерді кие алады. Араб әйелдері сәнге өте әуес, киім, мата алу үшін күні бойы дүкен аралауға да барады. Бірақ, үйден шығар кезде, жібектен тігілген қара жамылғыны жауып, беттерін қара тормен бүркеп алады. Өзге адамдар бұл әйелдердің саусағын, көзін, аяғының башпайларын ғана көре алады. Қалған сұлулықтың барлығы – күйеуіне ғана мәлім.

Соңғы жылдары араб әйелдері қара жібек жамылғыны джинси мен өзге де түрлі киімдерге ауыстырған. Тек бастағы орамал мен кең әрі жабық киім болса – болғаны.

Араб әйелдері түрлі университеттерде жоғары білім алады. Олар әлемнің ең мықты оқу орындарында оқиды. Бірақ білімін тек бала тәрбиесіне жұмсайды. Себебі араб әйелінің жұмыс істеуіне көп жағдайда күйеуі тыйым салады, кейде келіншектердің өздері бас тартады. Өйткені олар бір баланы аяққа тұрғызғаннан кейін екіншісін жоспарлайды.

Еуропа елдерінде білім алған қыздар жұмыс істеу үшін, сол елде қалып қойып жатады екен. Олар БАӘ тұратын халыққа қарағанда, ырым-тыйымдарды айтарлықтай ұстанбайтын көрінеді.

Дінге сай араб ер азаматы әйеліне кез-келген уақытта үш мәрте «талақ» сөзін айта алады. Осы сөзді алысымен, әйел үстіндегі киімімен күйеуінің үйінен шығып кетуі керек. Сондықтан араб әйелдері өзіндегі бар алтынды тағынып жүреді екен.

Ерлер әйелдеріне гүлдің орнына бағалы тастармен көмкерілген алтын бұйымдарды сыйлайды. Сыйлықтың бағасына қарай күйеуінің махаббатын өлшеуге болады. Арабтарда алтынсыз әйел – жалаңаш деген түсінік бар.

Ал араб әйелі тек екі жағдайда ғана ажырасуға ниет білдіруге құқылы. Ол – күйеуі опасыздық жасаса. Бірақ, бұл елде көп әйел алуға заңмен рұқсат етілген. Сондықтан күйеуі әйелін алдап, «көзіне шөп салу» жағдайы көп бола қоймайды. Одан қалса, өз күйеуін масқаралаған әйелді басқа адам әйелдікке алмауы мүмкін. Сондықтан әйелдер мұндай жағдайды көрсе де ажырасуға бармайды екен.

Екінші жағдай – күйеуі әйеліне алтын сыйламаса, мейрамханаға шақырмаса, үй салып бермесе. Сот мұндай кезде істі май шаммен қарап, әйелдің құқығын қорғайды екен.

Мұсылманда төрт әйелге дейін алуға рұқсат бар. Дегенмен соңғы кездері араб жігіттері төрт әйелді бірдей ала бермейді. Себебі олардың барлығына ортақ күйеуі бірдей жағдай жасауға міндетті. Сондықтан ең бай адамдар ғана төрт әйел алады. Кей жігіттер көңілдес ретінде қарым-қатынастарын заңдастырмай жүре береді.

Араб жігіті көп әйел алатын болса, олардың барлығына бірдей жағдай жасауға міндетті. Әйелдердің барлығына бірдей зәулім үй, ай сайынғы бірдей сыйлық пен бірдей қаражат бөліп отыруы керек.

Әр әйелге баратын уақыты алдын ала үлкен отбасында талқыланып, келісіледі. Жас әйеліне жаңа үй алуы керек. Ол өзгелердің үйінен арзан немесе қымбат болмауы керек. Отбасында, балаларда бір жағдай болса, оның барлығын күйеуі шешуге міндетті.

Араб отбасында отбасылық бірін-бірі қолдау мен өмір сүру әдебі өзге елдерден мықтырақ. Егер әйел жесір қалса, оған күйеуінің туысы үйленеді. Балаларын бағып, өзін жалғызсыратпауға міндетті.

Осындай тәртіпке бағынып, үйренген араб қыздары баршылықта өмір сүреді. Олардың басты мәселесі – әдемі жүру, көп баланы өмірге әкелу.

• Түпнұсқадан

(Stan.kz) өңделді.

About Zika1961