Home » Апта аптығы » АЛАШОРДА ТАРИХЫ үштомдық болып шықты

АЛАШОРДА ТАРИХЫ үштомдық болып шықты

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығына орай «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарған ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты 3 томдық құжаттар жинағы мен Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының таныстырылымы өтті.

 

Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты 3 томдық жинағы мұрағаттағы құпия құжаттар мен сот материалдары негізінде құрастырылған. Автор бұл деректі шығарылымды дайындауға көп еңбек жұмсады. Онда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағат материалдары негізіне анықталған 1927-1932 және 1937-1938 жылдардағы «Алаш» партиясы және «Алашорда» үкіметі қайраткерлерінің тергеу істері қамтылған.

Б.Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомына сирек тарихи суреттер жинақталған, Алаш арыстарының өмірі мен қызметі фотодеректер арқылы көрсетілген. «Движение Алаш» жинағы мен «Алашорда» фотоальбомы оқырмандар мен зиялы қауым өкілдері тарапынан үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде.

Ult.kz

 

 


 

About Zika1961