АДАМ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

Апта аптығы

Сайтаны азғырып,

Жұмақтан қуылғандай қуылып,

Тентіреп кеп,

Жерге тіреген табанды;

Бастан кешіп қауымдық,

Федалдық-патриархалдық,

Капиталистік,

Фашистік,

Коммунистік заманды;

Орысша – «Человек»,

Испанша – «Personas»,

Ағылшынша – «Human»,

Французша – «Personnes»;

Қазақ қана: «Адам» деген – Адамды!

Көрген жұртпыз көресіңді, жоқтықты,

Көрінген ит бізге неге соқтықты?!

«Інжілдегі» «Адам» деген асқақ сөз –

Қазақтікі!

Басқа тілде жоқ тіпті!

Дүниенің ғажабы да –

Біздікі!

Азабы да –

Біздікі…

• Серік Ақсұңқарұлының

ББ-фанклубы парақшасынан


About Zika1961