Home » Гвоздь номера » АҚТӨБЕДЕГІ «ҚАРАЛЫ ЖЕКСЕНБІ»:СЕБЕП ПЕН САЛДАР ЗЕРТТЕЛДІ МЕ?

АҚТӨБЕДЕГІ «ҚАРАЛЫ ЖЕКСЕНБІ»:СЕБЕП ПЕН САЛДАР ЗЕРТТЕЛДІ МЕ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

ДАТ!

ДАТ АКТОБЕДЕГИ КАРАЛЫ ЖЕКСЕНБИ1

Ел аузында Ақтөбедегі «қаралы жексенбі» деп аталып кеткен қанды оқиғаға 5 маусым күні бір жыл толды. Ескерте кетейік, былтыр Ақтөбе қаласында бір топ терроршылар «Пал-лада», «Пантера» қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, №6655 әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасын басып алмақ болған кезде 7 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алған болатын.

Ал жат ағымның жетегінде кеткен 18 содырдың көзі жойылғаны туралы ресми ақпарат БАҚ-та жария болды. Қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс сотта қаралып, 9 лаңкес сотталды. Жетеуі өмір бойы бас бостандығынан айырылса, екеуі 25 және 22 жыл жазаға кесілген еді. Бейбіт күнде қарақшылардың қолынан мерт болғандардың аруағына тағзым етіп, қанды оқиғаға зерттеу жасаған осы өңірдегі Жалпыұлттық соци-ал-демократтар партиясының жетекшісі Мирамбек КАМАЛОВТЫ әңгімеге тартқан едік.

–Мирамбек мырза, арада бір жыл өткенде, осы лаңкестіктен қоғамның санасы қандай ой түйді деп ойлайсыз?

– Иә, бұл оқиғалар тыныш отырған елді дүр сілкіндіріп, бойына үрей тудырды. Бұл лаңкестіктің себептерін бірнеше қырынан түсіндіруге болады. Біріншіден, экономикалық және әлеуметтік ахуал: ел экономикасындағы болып жатқан тоқы-раулар алдыменен қарапайым жұртқа әсер ететіні белгілі. Мысалы, жұмысқа ор-наласа алмайтын, орналасса қысқартуға ұшырайтын азаматтың отбасында небір қиыншылық туындайды. Мемлекеттік органдар тарапынан жөнді қолдау тап-паған азаматтар әділдік іздейді, барар жері мен басар тауы қалмайды, сөйтіп жүріп дәстүрлі емес, күмән келтіретін діни ағымдардың жетегінде кете барады. Ал оның дәстүрлі емес, біздің ұстанымымызға кереғар ағым екенін бірден байқай алмайды. Сол ағым жетегінде жүргендердің көпшілігінің діни сауаттары төмен. Бұл жерде мемлекет халықты жұмыспен қамтып, оларды қорғаудың нақты әлеуметтік тетіктерін қамтамасыз ете алғанда, біздің азаматтардың теріс ағымдарға адасып түсу ықтималдылығы төмен болар еді. Дегенмен де, бейбіт адамдарға шабуыл жасағандардың ісін ешуақытта да ақтап алуға болмайды…

– Дегенмен, бұл арада қоғамның, әсіресе биліктің тарапынан кеткен кінараттарды жоққа шығара алмаймыз ғой…

– Әлбетте, сөз жоқ! Екіншіден, біздің қоғам полициялық мемлекетке айналып барады. Мемлекет құқық қорғау, қорғаныс саласына басты назар аударып, сала қызметкерлерінің жалақысын, т.с.с. әлеуметтік қолдауларын күшейтуде. Күш құрылымдары болсын, құқық қорғау органдары болсын, тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымдар болып саналады. Сәйкесінше, олар тәртіп бұзушылармен немесе бұзуға ниеті бар әлеуметтік топтармен жұмыс істеу техно-логиясынан жұрдай. Сайып келгенде, бүгінгі таңда құқық қорғау органдары атқарушы биліктің ағаттығы, сәтсіз экономикалық саясаты нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік топтармен айналысуға мәжбүр. Ал ондай өрескел топтар легі күн санап өсуде.

Бұл жерде атқарушы билік халықтың тізгінін салиқалы әлеуметтік саясатпен емес, полицияның қолшоқпарымен ұстап отыр деуге болады. Ал қорқытумен, үркітумен, саяси репрессиямен халықты мәңгі басқару мүмкін емес. Үшіншіден, ең бастысы: мемлекет өз халқын қауіп-қатерден сақтай алуы тиіс. Бұл оның тіке-лей міндеті. Қазақстан Республикасы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Ха-лықаралық Пактті» 2005 жылы қарашаның 28-інде мақұлдаған болатын. Сол пакттің 6-бабы бойынша, «өмiр сүру құқығы – әрбiр адамның ажырамас құқығы» болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкiмнiң де өмiрi жазықсыз қиы-луға тиiс емес. 1982 жылы БҰҰ-ның он алтыншы сессиясында 6-бапқа мынандай ескерту енгізілген: «Өмір сүру құқығы мемлекетте төтенше жағдай болып жатса да, ешқандай мүлтіксіз қорғалуға жататын негізгі құқық болып табылады». Жоғарыдағы халықаралық құжатқа сәйкес, мемлекет қандай жағдай болса да, адамдардың өмірге деген құқын сақтауы тиіс. Сол бағытта шаралар кешенін қабылдауы тиіс болатын.

– Мирамбек мырза, адам өмірі заңнамалық тұрғыда қорғалуына қатысты зерттеу жүргізген екенсіз, ендеше сол құжаттар республика аумағында қалай жүзеге асуы ке-рек еді?

– Мемлекет тек кісі өлтірушілікке тыйым салып қана қоймай, қылмыспен, оның ішінде террористік әрекеттермен тиімді күрес ұйымдастыруы тиіс. 1999 жылдың 13 шілдесінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», 2005 жылдың 18 ақпанын-да «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары қабылданып, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі қабылданған болатын. ҚР пре-зидентінің 2013 жылғы 24 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасында діни экс-тремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға ар-налған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығы шықты. Бағдарламаның мақсаты – діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатер-леріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Міне, осы заңдар мен бағдарламаларды іске асыруға 2013–2017 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы көлемі 100 миллиард теңге-ден астам қаржы қарастырылған. Бірақ осыншама қыруар қаржының нәтижесі қайда? Бағдарламада «Қалыптасқан жағдайда террористік тұрғыдан осал объ-ектілердің қауіпсіздігін, сондай-ақ қару, оқ-дәрі, жарылғыш құрылғылар мен олардың құрауыштарының айналымына тиісті бақылауды қамтамасыз ету мәсе-лелері елеулі түрде өзекті сипатқа ие болды» делінген. Бұған қосымша 2013 жыл-дың 28 тамызында Үкімет Қаулысымен «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі» бекітіліп, оған тиісті нысандар тізімге енді. Бірақ қару-жарақ сатумен айналысатын заңды тұлғалар, мемле-кетпен күзетілетін немесе террористік тұрғыдан осал нысандардың тізіміне енгізілмегенін айта кеткен жөн. Тиісінше, бұл нысандар назардан тыс қалды. Сонда бөлінген қаржы қандай мақсаттарға жұмсалды? Бұл арнайы тергеуді қажет ететін сұрақ болса керек.

– Демек, қаншама заңнамалық құжаттар ресми түрде қабылданғанымен, іс жүзіндегі нәтижесі Ақтөбедегі тағы басқа өңірлердегі лаңкестік оқиғалардың алдын алу шарасы-на келгенде қауқарсыз құжат болып шыққан ғой…

– Сөзіңіздің жаны бар. Осы орайда Ақтөбедегі лаңкестік оқиға бойынша мы-надай тұжырымдар жасауға болады. Алдымен қару-жарақ сатумен айналысатын дүкендер жоғарыда аталған үкімет қаулысы бойынша тізімге енбеген, оларға арнайы назар аударылмаған. Егер де қару-жарақ сататын дүкендер сол тізімде болса, мемлекет тарапынан олардың күзетіне қатаң талап қойылар еді. Қару-жарақ дүкенінде қару-жарақ пен оқ дәрілерден басқа спорттық, балық аулау, та-биғат аясына саяхаттауға арналған т.б. бұйымдар сатылған. Дүкеннің күзетін же-ке күзет мекемелері қамтамасыз еткен. Ал шабуыл туралы алғашқы дабыл же-ке күзет мекемесіне келіп түскен. Нәтижесінде оқиға орнына жеткен күзет қызметкері опат болды.

Ал полиция кейіннен келді. Егер қару-жарақ сатумен айналысатын дүкеннен түскен дабыл белгісі жеке күзет мекемесіне емес, бірден полиция органдарына жетіп, арнайы жасақ оқиға орнына жедел жеткенде, жағдай өзгеше болар еді. Бұл сол уақыттағы Заңның тағы бір шикілігі болып табылады.

Төртіншіден, «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл 14 сағат 23 минутта жа-салса, алғашқы шабуылдан кейін топ екіге бөлініп, бірі «Пантера» қару-жарақ дүкеніне 14 сағат 49 минутта шабуылдайды, ал екінші тобы 6655 әскери бөлімшесіне 14 сағат 48 минутта шабуылдайды. Яғни, қылмыстық топ екі бағытта – бір тобы жолаушылар автобусын тоқтатып, әскери бөлімшеге бағытталса, екінші топ – полицияның көлігіне мініп, екінші қару-жарақ сататын дүкенге, өздерінің көздеген нысандарына ешқандай полиция тарапынан тосқауыл көрмей жетіп, өздерінің әрекеттерін жүзеге асырады.

Кейіннен шабуылдаушы террорлық топтарға қарсы тосқауыл қоюды ұйымда-стыра алмай, өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін Ақтөбе қаласының жергілікті полиция басшысы М.Шляшевтің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Егер де мемлекет осындай террористік топтарды ауыздықтау шараларын, бірігіп іс-әрекет ету амалдарын алдын ала қарастырып қойғанда, қылмыстық топты қару-жарақ дүкенінен өзге де нысандарға шабуыл жасамай тұрып ауыздықтауға мүмкіншілік болар еді…

– «Өткен іске өкінбе» деуге аузымыз бармайды, лаңкестер де құқық қорғау мекеме-лерінің әлсіз тұсын алдын ала білгеніне күмән жоқ сияқты…

– Әрине, олар шабуылды стихиялық түрде жасамағанына қанды оқиғаның жа-зықсыз құрбаны болған азаматтардың рухы үшін бір жыл бойы жүргізген зертте-уімнің нәтижесінде көз жеткіздім. Лаңкестер мінген көлік 6655-әскери бөлімшеге еш кедергісіз басып кіреді. Бөлімшенің қақпасы өте әлсіз қаңылтырдан жасалған, аяқпен тепсең ашылып кететін, қақпа алдында ешқандай жасанды кедергілер ор-натылмаған, ал әскери бөлімшенің бақылау-өткізу бекетіндегі сарбаздар наряды тек қана резеңке шоқпар мен пышақпен қаруланған. Қару-жарағы бар, страте-гиялық нысанның өткізу-бақылау бекетіндегі сарбаздарды мемлекет қарумен қамтымай, олардың өміріне қауіп тудырған. Егер де бақылау-өткізу бекетіндегі сарбаздарда қару болса және әскери бөлімше қақпасы тиісті стандарттарға сай мықты орнатылса, алдына жасанды кедергілер орнатылған болса, террористік топ әскери бөлімшеге оңайлықпен кіре алмас еді. Әскери бөлімнің жалпы тойта-рыс беру, оның қорғану жүйесіне жауапты бөлімше командирі жауап-кершіліктен сытылып шығып, әскери сот осы бөлімнің екі офицерін «өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындамады» деген желеумен кіналі деп тауып, бас бостандығынан айырған болатын. Дегенмен, шүкір, оның бірі жуықта рақымшы-лықпен босап шықты.

– Шүкірлік етуден басқа амал қайсы? Әскери нысанды қорғаныс талаптарына сай жа-сақтаудың бір жағы қаржылық мүмкіндікке келіп тірелетін жағын біле алдыңыз ба?

– Әрине, оның да жөн-жосығын құзырлы орындардан сұрастырдық. Жоғарыда айтқандай, діни экстремизм мен терроризммен күрес бағдарламасы бойынша үкімет тарапынан 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сол бағдарламаға сай ішкі істер органдарының сырттан бақылау камераларының санын арттыру керек болатын. Соған орай ішкі істер департаменті бастығынан орнатылған ка-мералар санын сұрағанбыз. Көп ұзамай, Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы бастығынан: қаладағы камералар саны бойынша ақпаратты, ішкі жариялауға жатпайтын ақпараттар тізіміне еңгендігі себепті бере алмайтынын хабарлаған жауап алдық. Ал игерілген қаржы көлемі бойынша жасалған сұраныс, ақыр соңы түсініксіз жағдаймен жауапсыз қалды. Өздеріңізге белгілі, жақында мемлекеттің экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бөлінген 6 миллиард теңгесін тиімсіз жұмсағаны үшін Алматы облысының 80 шенеунігі жазаланған болатын. Ал бұндай фактілер еліміз бойынша әлі де анықталуы ғажап емес деп есептеймін.

– Айтпақшы, Ақтөбеде мұнай ұрлығының басы-қасында жергілікті жердегі діни экстре-мистер жүрген деген ақпарат бар. Ол жөнінде біздің газет мәселе көтерді, бірақ тиісті орындар селт еткен түр көрсетпейді…

– Иә, осы орайда «ДАТ»-қа шыққан мақаланың түп-төркіні біраз жылдан бері Ақтөбені шулатқан мәселе болды. Жалпы облысымызда әуеліден бері мұнай ұр-лығы бар болатын. Бұрындары мұнай ұрлығымен бірталай адам айналысса, қазір олардың саны азайды. Тоқетерін айтқанда, бүгінде «крышасы» мықтылары ғана мұнай ұрлығымен айналыса алады. Оған мұнай ұрлығы бойынша жауапқа тарты-лып жатқан полиция басшылығын айта кетуге болады. Мұнай ұрлаушылардың ішінде дәстүрлі емес дін ұстанушылары болуын жоққа шығаруға болмайды. Яғни, олар полиция органдарымен сыбайлас болған.

– Ал билік осы қанды оқиғадан сабақ алды деуге бола ма? Терроризм қаупінің алдын алу үшін облыс деңгейінде қандай да бір шаралар іске асып жатыр деп айта аласыз ба?

– Билік былтыр терроризм мен экстремизммен күрес бойынша бірқатар заң жо-баларына өзгерістер мен түзетулер енгізген болатын. Дегенмен, ол заң жобала-рының да осал тұстары баршылық. Біз ЖСДП-ның атынан өз ұсыныстарымызды әзірледік, осы бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Билік барлық күшті осындай қанды оқиғаның салдарымен емес, себептерімен күресуге жұмсаса ғана, жетістікке жете алады.

Өкінішке қарай, билік қазірде, қай саланы алсаң да, «қайнап жатқан қазандықтың қақпағын бүркеп қоюға» ғана құштар. Ал мұндай «құштарлықтың» соңы кезекті лаңкестік қанды оқиғаларға алып келмесіне кім кепіл болады?

– Иә, сіздің уайымыңыз қоғамның да басында бар жағдай болса керек. Сұхбатыңызға рахмет!

Бақытгүл МӘКІМБАЙ,

«D»

About Zika1961