Home » Дат|Каз » 77-ГЕ КЕЛГЕН НАЗАРБАЕВ демократия дуалына тағы бір бояу жақты
071817_1741_771.jpg

77-ГЕ КЕЛГЕН НАЗАРБАЕВ демократия дуалына тағы бір бояу жақты

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 


 

Дүйсенбі күні президент Нұрсұлтан Назарбаев «билікті бөлісу және саяси жүйені демократияландыру» жөнін реттеуі тиіс болған заңға қол қойды. Еске сала кетсек, бұл заңның жобасы биылғы наурыз айында Конституцияға өзгерістер енгізуден кейін қолға алынған еді. Назарбаевтың өзі бастамашы болған сол өзгерістер бойынша, президенттік билік құзіреті үкіметке және парламентке бөлініп берілуі тиіс болған.

 

Бірақ парламенттің талқылауынан және президенттің қол қоюынан өткен бұл заң «жауырды жаба тоқудың» кері болып шықты. Биліктің сыншылары бұл «бөлісуді» «демократияның ескі дуалына Назарбаев тағы бір қабат бояу жақты» деген баға берді.

Тәуелсіз саясаткерлер айтқан ортақ пікір бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев бұл «өзгерісті» билігін мейілінше соза тұру мақсатында және қазақстандықтарды алдарқату үшін жасаған. Ал шын мәнінде үкімет те, парламент те ешқандай құзіретті өкілеттікке ие болған жоқ.

Сонымен, бүгін 77-ге келген Назарбаев «демократия дуалына тағы бір бояу жағып», әлеуметтік тұрғыда қалжыраған халықтың есесінен салынып жатқан Астананың және өзінің кезекті туған күнін тойлауға кірісті. Ал Астанадан алыс ауылдардың қазақтары әлі де бір үміттен қайыр күтіп, теледидарға телміріп отыр…

 

Ермұрат БАПИ

About Zika1961